11.05.2021
Мамыр айының соңынан бастап елімізде жазғы мектептер жұмыс істей бастайды
Қазақстанда мамыр айының соңында жазғы мектептер жұмыс істей бастайды, онда үлгерімі нашар оқушылар қашықтықтан оқыту нәтижесінде туындаған білімдегі олқылықтардың орнын толтыра алады, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Ведомствоның ойынша, жазғы мектеп оқушыларға білім кемшіліктерін толтыруға, ал олардың ата – аналарына балалардың жазғы демалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-анасынан тиісті өтініш қажет. Мектепте оқу барлық ниет білдірушілер үшін ерікті негізде тегін жүргізілетін болады, алайда үлгерімі нашар оқушыларға басты назар аударылатын болады.