Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің Красиловка ауылының бастауыш мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім беру бөлімінің Красиловка ауылының бастауыш мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Жеңіс күніне 72 жыл

10.05.2017

…Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне,жетпіс екі жыл толмақ. Отаны үшін қаншама әпкелеріміз бен ағаларымыз жанын қиды. Соғыс деген сөздің өзі қандай суық десеңші. Өйткені, соғыс адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.

Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Егін даласынан  диқаншы

трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, армандаған еді...

Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы

болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Фашистік Германия тізе бүкті... Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңес Одағы 27 миллион адамның өмірін берді. Міне, соғыстың зардабы. Сондықтан адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 71жыл бұрынғы Жеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн қан кешіп, кейінгі ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді.

Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен  Талғат Бигельдиновтың  және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен  жазылды.

1941-1945 жылғы соғыстың тарихи маңызы үлкен. Бұл соғыс адамзаттың қас дұшпаны, қаскөй жауы

фашизмнiң iнiне су құйды. Тамырына балта шапты. Бiздiң майдангер­лерiмiз де осы ұлы Жеңiске өз үлестерiн қосты. Сондықтан да оларды ешкiм де жазғыруға, айыптауға, сөгуге тиiс емес. Керiсiнше, қолымыздан келгенiнше құрметтеуiмiз, қадiрлей бiлуiмiз, қадiрiне жете алуымыз керек.

Жеңiстiң 72жылдығына аман-есен жеткен абзал ақсақалдарымызға “Бәрiмiзге Жеңістің 72 жылдығы құтты болсын! 

Жеңіс күні

Келді міне,

тоғызыншы мамыр - Жеңіс күні,

Қуаныш пен бақыт толған ерлік күні.

Елі үшін, жері үшін майданда,

Ағалар мен әпкелер жанын қиды.

Он бес елдің

батырлары қосылды,

Қу немісті ойрандатты, қиратты.

Мың тоғыз жүз қырық бесте Берлинде,

Кім білмейді ту тіккен Рахымжандай ағамды!

Ешқашан да енді

соғыс болмасын,

Бақытты елдің тыныштығын бұзбасын!

Аспанымыз әрқашан да ашық боп,

Ұлы Отан соғысының батырлары жасасын!

 

Просмотров: 483

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст